ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
МАМАНДЫҚТАР ЖӘНЕ БІЛІКТІЛІКТЕР


Колледжде жүзеге асырылатын мамандықтар (білім беру бағдарламалары) және біліктіліктер тізімі

 

Мамандық атауы

Берілетін біліктілік

Берілген ОБ бойынша қай жылдан бастап білім беру жүргізіледі?

1

1504000 «Ферма шаруашылығы»

150404 2 «Аспаз»

2004

2

1504000 «Ферма шаруашылығы»

150406 2 «Ауылшаруашылық өндірісіндегі тракторшы - машинист»

1959

3

1211000 «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу».

121106 2 «Арнайы тігінші»

1998

4

1513000 «Ветеринария».

151304 2 «Ветеринарлық санитар»

2015

 

Колледжде кәсіби бағдар беру жұмысы Қабылдау комиссиясы туралы Ережемен реттеледі. Кәсіптік бағдар жұмысы шеңберінде колледж Тарбағатай ауданындағы барлық мектептермен белсенді түрде жұмыс істейді. Жыл бойы кәсіптік бағдар беру бойынша жауапты адам аудандағы өзіне бөлініп берілген мектептеріне барып кәсіптік бағдар жүргізеді, ашық есік күні өткізіледі, онда студенттер  колледж дайындайтын мамандықтар бойынша колледж базасымен танысады. Талапкерлерге арналған стендтер дайындалды, ақпараттық буклеттер жасалды, анықтама телефоны жұмыс істейді.

Күндізгі  білім беру түріне құжаттарды қабылдау 20 маусымнан 20 тамызға дейін жүргізіледі. Талапкерлер құжаттарды колледжге түсу ережесіне сәйкес тапсырады. Талапкерлерді күндізгі бөлімде оқытуға қабылдау 25 тамыздан 30 тамызға дейін жүргізіледі.

Талапкерлер оқуға түсуге қабылдау туралы өтінішке қоса мынадай құжаттарды тапсырады:

  • Білім беру құжаттарының түпнұсқасы (9-11 сынып бітіру туралы куәлік;
  • Медициналық анықтама № 086-У формасы және  флюрография;
  • №63 форма екпе
  • 4 фотосуретжеке құжаттары 3х4;
  • жеке құжаттары (туу туралы куәлік , жеке куәлік);

 

 

Колледжде түлектерге жұмысқа орналасуға жәрдемдесу мақсатында түрлі іс-шаралар өткізілуде: оқу орындарының басшыларымен кездесулер, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің қызметкерлерімен кездесу, аудандық бос орындар жәрмеңкесіне қатысу. Ұйымдардың мамандарға қажеттіліктері зерттеледі. Осы мақсатта әртүрлі мамандықтар бойынша ұйымдардың мамандарға қажеттілігі туралы өтініштері жыл сайын жиналады.