"Зорлық-зомбылықтың алдын алу" тақырыбында колледж психологы Нургалиева Динара Жеңісқайырқызы арнайы мамандарды шақырып студенттермен кездесу өткізді.
Кездесуге аудандық әйелдер қауымының төрайымы Жұмаш Мақанова қатысып,зорлық-зомбылық туралы баяндама оқыды.Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау инспекторы Назым Жеңісқайырқызы зорлық-зомбылық жасаған жағдайда қандай мамандардан кеңес алу керектігі жайлы мәліметпен таныстырып, кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі инспекторы Естай Қуанышов нашақорлықтың алдын алу мақсатында түсінік жұмыстарын жүргізіп, аудандық аурухананың терапевт маманы Назерке Сәрсенбаева ішімдік пен нашақорлықтың зияны туралы студенттерге толық түсінік берді.