ШҚО Білім басқармасының «Тарбағатай колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2021 жылға колледждің Қамқоршылық кеңесін жаңарту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларының» негізінде Қамқоршылық кеңесінің құрамы бойынша ұсыныстар қабылдайтынын хабарлайды.
Қамқоршылық кеңес — «Тарбағатай колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әрі қарай дамуына ықпал ету, материалдық-техникалық базасын күшейтуге, колледждің өзін-өзі басқару қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыс жасайды.
Қамқоршылық кеңес құрамына шақырылады: жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері, жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестер өкілдері, коммерциялық емес ұйымдарының өкілдері, білім алушылардың ата- аналары немесе заңды өкілі, қайырымды жандар (бар болса).
Білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларына (ҚР БжҒМ 27.06.17ж. №355 бұйрығы) сәйкес қамқоршылық кеңес құрамына үміткерлердің ұсыныстарын күтеміз.
Ұсыныстар хабарлама шыққаннан кейінгі 10 күн ішінде қабылданады.
Байланыс тел: 8 723 46 2 15 69
Электрондық почта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.