Мемлекетіміздің ең ұлық мерекесі-Тәуелсіздік күнімен колледж қызметкерлерін колледж басшысы К.Кайрбаев арнайы құттықтап, жыл бойы жақсы жетістікке жетіп, еліміздің өркендеу жолында белсенді қызмет атқарып жүрген колледж оқытушылары, өндірісте оқыту шеберлері, кіші қамту қызметкерлерін ШҚО Білім басқармасының, ШҚО Білім басқармасы жанындағы "Шығыс" аймақтық кәсіподақ ұйымының, Тарбағатай ауданы әкімінің, Тарбағатай аудандық "Бастауыш" кәсіподақ ұйымының, Ақсуат ауылдық округі әкімінің, колледж директорының Құрмет грамоталары және Алғыс хаттарымен марапаттады. Оқуда озат, үлгілі тәртібі мен қоғамдық жұмысқа белсене араласып жүрген студенттерге колледж директорының Алғыс хаты мен арнайы сыйлығы берілді.